"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі. мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есепті ұсынады.
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Атбасар қаласы, Веденеев көшесі, № 100 ғимарат
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі"КММ-де білім беру саласында 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2025 жылы мектеп 535 қызмет көрсетті:
ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер(egov.kz) - 235 қызмет;
қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі) - 298 қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түр (USTAZ платформасы арқылы ) – 2 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетілді.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау ;
- денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау ;
- негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру ;
- педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау;
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау ;
- мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету; (монетизация, - ТЖ);
- жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақ беру ;
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет ресурсында орналастырылған https://sc0002.atbasar.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754 "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы мектеп бақ пен әлеуметтік желілерде 11 мақала және 3 Тікелей эфир жариялады. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мектепте Мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген бекітілген қызметкерлер көрсетеді, 2024-2025 жылдары 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1) 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
2026 жылы мектеп жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.