"Үздік мектепке дейінгі тәрбиеші" Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

18.09.2024

17-18 қыркүйекте «Үздік мектепке дейінгі тәрбиеші» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде аудандағы балабақшалар мен мектептердің педагогтары өз іс-әрекеттері туралы портфолио және бейнебаян ұсынды. Екінші кезеңде «Алтын бесік» балабақшасында кіріктірілген сабақтар жүргізді. Байқау нәтижесінде мектепалды даярлық тәрбиешісі Светлана Александровна Барлыбаева «Шебер педагог» номинациясы бойынша дипломға ие болды.



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу