Бос жұмыс орын қазақ тілі мұғалімі
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес "Ақмола облысы Білім басқармасы Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының 2 жалпы білім беретін мектебі" КММ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 болып тіркелді жаңа редакцияда-ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.11.19 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.11.22 № 432 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен. 24 сағат жүктемемен уақытша бос лауазымға орналасуға
Атбасар қаласы, Веденеев көшесі, 100,
Т. 55435, 87719044040
atb.shkola2@gmail.com
2) қазақ тілі мұғалімі талап етіледі, педагогтің біліміне, біліктілігі мен жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы 266649 т.т. құрайды.
3) Педагогтің көрсетілген бейін бойынша жоғары педагогикалық немесе арнайы орта педагогикалық білімі болуы тиіс, жұмыс тәжірибесі және біліктілік санатының болуы құпталады.
4) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттарды қабылдау Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Веденеев көшесі, 100 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
5) конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тізбесі қажет:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
6) педагогтің уақытша бос лауазымының негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыстан шыққанға дейінгі мерзімі.