Текст
«Өрт қауіпсіздігі»
2025 жылғы 20 қаңтарда 5”Ж”сыныбында маңызды тақырыптардың бірі - «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбына арналған сынып сағаты өтті. Оқушылар өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда әрекет ету туралы білім әлеміне үлкен қызығушылықпен кірді.
Сынып сағаты барысында балалар өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске алып, бекітті. Олар өрттің пайда болу себептерін, қауіптілігін, сондай-ақ алдын алу жолдарын белсенді түрде талқылады.
Сабақтың практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды. Оқушылар әртүрлі өрт сценарийлерін модельдейтін әртүрлі ситуациялық тапсырмаларды үлкен ынтамен шешті. Сондай ақ Learning Apps платформасында әр-түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.