27 .01 күні №2 ЖОББМ 7 «А» сынып оқушыларымен «Цифрлық гигиена» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін «цифрлық гигиена», «кибербуллинг», «алаяқтық», «қолайсыз контент», «жеке деректер», «интернет-тәуелділік», «хакерлер», «фишинг», «вирустар» терминдерінің мәнін түсіну.
Сынып сағатының сұрақтарын талқылау барысында балалар келесі ұғымдарды үйренді:
Цифрлық гигиена, жеке деректер, фишинг, вирустар, әлсіз парольдер, Wi-Fi хакерлері, жалған сайттар және «дроппер» арқылы алаяқтықтың жаңа түрі туралы білді. Балалар сандық қауіпсіздіктің маңыздылығы және интернеттегі жеке деректерді қалай қорғау керектігі туралы қайталап, сандық қауіп-қатерлерді талқылады, күрделі парольдер жасауды үйренді және желідегі қарсыласты қалай ажыратуға болатынын анықтады.