Текст
9 мамыр-Жеңіс Күні қарсаңында»№2 ЖББМ « КММ-де майданда батылдық танытқан соғыс батырларына арналған кітап көрмесі рәсімделді.2025 жылы Б.Момышұлына 115 жыл,М. Ғабдуллинге 110 жыл,А. Молдағұловаға 100 жыл толады.Тарих қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қол жеткізуге қосқан елеулі үлесін айғақтайды.Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова және Мәншүк Мәметова сияқты батырлардың есімдері Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі алтын әріптермен жазылған.