12.05.2025
11-сынып оқушыларымен «Стресссіз емтихан» тақырыбында өткізілген сынып сағаты туралы
11-сынып оқушыларына қорытынды емтихандарға дайындық аясында педагог-психолог Досмуханова Г.К. «Стресссіз емтихан» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Бұл шараның мақсаты — біздің жоғары сынып оқушыларымызға толқу сезімімен күресуге көмектесу, өз күшіне сенімділікті арттыру және емтихандарды сәтті тапсыруға дайындау.
Сынып сағаты барысында емтихан стресінің пайда болу себептері қарастырылып, оны жеңу бойынша практикалық ұсыныстар берілді: релаксация әдістері, уақытты дұрыс ұйымдастыру, назарды шоғырландыру техникасы және сау өмір салтын сақтау.
Сынып сағаты достық атмосферада өтті, оқушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, толқумен күресудің өз тәсілдерімен бөлісті. Біз алған білімдердің біздің оқушыларымызға сынақтарды сәтті өтуге және эмоционалдық тепе-теңдікті сақтауға көмектесетініне сенімдіміз.
Дайындаган: педагог-психолог Досмуханова Г.К.