04.06.2025
Бүгін жазғы мектеп аясында 7-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінен қызықты әрі танымдық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – ойын және коммуникативтік әдістер арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын кеңейту және шет тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру болды.
Сабақ жылы, достық атмосферада өтті. Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, келесі кездесуді асыға күтуде. Мұндай сабақтар балаларға ағылшын тілін үйреніп қана қоймай, бұл үдерістен шынайы ләззат алуға мүмкіндік береді.