04.06.2025
8В сыныбында жазғы мектеп жоспары бойынша «Sport. Conditionals» тақырыбында ағылшын тілі сабағы өткізілді. Оқушылар шартты сөйлем түрлерін және «Спорт» тақырыбына қатысты лексиканы қайталады, Akelius платформасы арқылы онлайн жаттығулар орындап, үстел ойындарын ойнады.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және грамматикалық материалды ойын түрінде бекіту болды. Балалар белсенді қарым-қатынасқа түсті, спорт тақырыбы бойынша шартты сөйлемдердің өз нұсқаларын құрастырды. Мұндай сабақ форматы тек оқу материалын қайталауға ғана емес, ағылшын тілін үйренуге деген мотивацияны арттыруға да ықпал етті.