Текст
6–8 сынып оқушылары «Экологиялық десант» үйірмесінде «Табиғатты бірге сақтайық» тақырыбын зерделеді. Сабақ барысында оқушылар қоршаған ортаға қамқор болудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, сөзден іске көшіп, мектеп ауласын тазалауға белсене қатысты. Қолдарына қолғап, қап және тырма алған оқушылар мектеп ауласында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқысты жинап, шөптерді шапты. Олардың еңбегі нәтижесінде мектеп ауласы тазарып, көркейе түсті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін, жауапкершілік сезімін және табиғатты қорғауға деген ұмтылысын қалыптастырады.