Текст
Жазғы тілдік мектеп аясында 3–4-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы — “Revision: My Family and My School”. Сабақтың мақсаты – бұрын меңгерілген материалды қызықты түрде қайталау және бекіту болды.
Балалар сабаққа белсенді қатысып, отбасы мүшелерін атады, туыстарын сипаттады, мектеп құралдары туралы әңгімеледі. Сабақ ойындармен және жұптық жұмыс түрлерімен қатар өтті, бұл оқыту үдерісін жандандырып, қызықты етті.
Мұндай сабақтар оқушыларға тек білімдерін жаңғыртып қана қоймай, ағылшын тілін күнделікті өмірде сенімді қолдануға дағдыландырады.
Дербенёва Ю.С.