Текст
Ағылшын тілі бойынша жазғы тіл мектебінде үшінші сынып оқушыларына арналған “My House. There is / There are” тақырыбында сабақ өтті.
Оқушылар «Үй» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен танысып, There is / There are құрылымдарын қолданып, заттардың орналасуын сипаттауды үйренді. Сабақтар ойын түрінде өтті: балалар бинго ойнап, пазл құрастырды, викториналарға және көңілді сергіту сәттеріне қатысты.
Оқушылар қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, ағылшын тілінде белсенді сөйледі.
Дербенёва Ю.С.