Текст
Бүгін, 16 шілде күні Атбасар ауданы, Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінде «Тіл мектебі» аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндік мектеп өз жұмысын жалғастыруда. Жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен "Менің бос уақытым" тақырыбында сабақ өтті. Бұл сабақтың мақсаты – балаларға жаңа сөздерді сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге және өз бос уақыттарын қалай тиімді пайдалануға болатындығы жөнінде мәліметтер беру. Соңында судағы өзін-өзі ұстау ережелері, және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін қайталады.