Текст
02.02.2026
11 «Б» сыныбында «Демократиялық қоғамдағы сайлаудың маңызы. Азаматтардың сайлау құқықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – демократиялық қоғамдағы сайлаудың мәні мен маңызын көрсету, оқушылардың сайлау үдерісі саласындағы құқықтық мәдениеті мен білім деңгейін арттыру. Сынып сағаты барысында оқушылар демократияның негізгі қағидаттары, сайлауға қатысудың маңыздылығы, әрбір дауыстың қоғамдағы өзгерістерге әсер ете алатыны туралы мағлұмат алды. Сынып сағаты қоғам өміріне белсенді қатысуға және өз құқықтарын қорғауға дайын, саналы әрі белсенді азаматтарды тәрбиелеудегі маңызды қадам болды.