Текст
12.02.2026
12.02.2026 ж. КММ «№2 ЖББМ»-де 4А сыныбында «Презентацияға арналған макет» тақырыбында ашық қашықтықтан информатика сабағы өтті.
Сабақ барысында оқушылар слайд макеті ұғымымен және оның презентация дайындаудағы маңызымен танысты. Оқушылар мәтін мен суреттерді орналастыруға арналған макетті дұрыс таңдауды үйреніп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Қашықтық форматқа қарамастан, оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды сәтті орындады. Сабақ ұйымдасқан түрде өтіп, макетті дұрыс таңдау презентацияны түсінікті әрі ұқыпты жасауға көмектесетінін көрсетті.