"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Қасымқызы Қаженоваға алғыс сөздер

21.01.2022

Жақсы ұстаз жүр жанымызда...
«Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін
дарыта алатын мұғалім зор даңққа бөленуге тиіс».
Э.Хаббард
Ұстаз – жан-жағына сәулесін шашып, айналасына нұрын төгіп жүретін мейірімді жан. Ұстаз жайлы қалам тербеу – ғибратты іс. Көп жағдайда,әдетте, өзімізге бейтаныс, танымайтын адамдар туралы жазуға тура келеді. Ондай кезде қаузап жаза алмасаң да, естіген-білгендеріңді қосып, ойыңды толықтырасың. Әрине, бірінші – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетер халық ретінде жасы үлкенді сыйлаймыз. Екіншісі – өнегелі, саналы өмірі ұстаздықпен өрілген адамның жолы өзге ізін жалғастырушы, ізін басушыларға үлгі-тәрбие, үлкен мотивация. Ұстаздың зор жетістігі – оқушысын тұғырдан көруі. Біздерге, ата-ана ретінде, балаларымыздың білім алып, дамығаны қуантады. Бұл жолда ұстаздарына айтар алғысымыз шексіз. Каженова Алтынай Касымовна – қырық жылдан астам ұстаздық жолда кәсібилігімен,тәжірибелігімен жас мұғалімдерге жоғары біліктілігімен үлгі, мектеп мәртебесін асқақтатып жүрген ұлағатты ұстаз.
Осындай ұстаздардан тәлім алған балаларымыздың келешегі жарқын болады деген үміттенеміз. Сол арқылы ұстаз қанаттанады, шабыттанады, айналасына мәртебесі артады, сыйлы болады. Бұл нәтижеге жету жолында біраз тер төгіледі: қажырлық,шыдамдылық, біліктілік, бірнеше саланы ұштастыра білуге деген қабілеттілік, оқушымен үздіксіз ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, өзің игерген біліміңнің қажеттілігін оқушыға ұғындыра білу, сол арқылы жетістікке, жеңіске жету жолы көзге көрінбейтін машақаты мол қиын кезең. Осы сәттен сүрінбей, мойымай, оқушыларын жетелеп, жетістікке жете білген ұстаз – бағы жанған бақытты ұстаз ғой. Талай қанат қақтырған, бәйгеге баптап қосқан оқушылары аудандық, облыстық деп шектеліп қалмай, республикалық деңгейге шығып, кіл мықты, шын дарындарды ашуға түрткі болу – білімді жастарды тәрбиелеп өсіруде зор табыс, ел іргесін түзеуде үлкен үлес. Исатаев Диас, Савченко Наталья, Синарицина Вероника, Савченко Екатерина сынды оқушылары көптеген байқау-жарыстарда қазақ тілінен республикалық дәрежедегі жеңімпаздар.

Бұндай көрсеткішке қол жеткізу ұстаздың тікелей бастамашылдығы арқылы туындайды.
Ұстаз үшін ең үлкен мәртебе – ол оқушысының алғысы. Ұстазды ұстаз ретінде бағалайтын, өзгелерге танытатын, мойындататын да осы бір аса маңызды тетік сияқты. Қазіргі кезде қызым Тамила мемлекеттік тілде қоғамда өз ойын емін-еркін жеткізіп, адамдармен қарым-қатынаста жақсы тілдеседі. Осы орайда қазақ тілін меңгеруде зор үлес қосқан, ұстазы Алтынай Қасымовнаға зор алғыс білдіргім келеді. Биыл қызым Тамила осы жетістігінің арқасында Қазақстан Халықтар Ассамблеясының отырысына шақырту алды, бұл – үлкен жетістік, зор қуаныш. Бүгінде облыс орталығындағы құқықтық кеңес беру орталығында заңгер болып жұмыс істейтін қызым Тамила Мартазанованың «Егемен Қазақстан» газетіне шығарылған «Ертегіге елітіп бойжеткенмін» мақаласы ұстазы Алтынай Қасымовна туралы жазылған. Өзге ұлт өкіл¬дері арасында өткізілетін сан алуан байқауда жүлде алып жүрген, жергілікті ұлт тілінің білгірі Тамила Магаметқызы Атбасар қаласындағы №2 көпсалалы орта мектепте оқып жүрген кезінде тілді толайым меңгеруге ұстазы Алтынай Қаженова көп ықпал еткенін айта отырып, «Ең алдымен тілімді қалыптастырып, осы дең¬гейге жеткізген ұстазыма айтар алғысым көп, – деп түйіндейді. Оқушы алғысы ұстазының мерейін тасытып, мәртебесін асырып,әлемдегі шын бақытты жан етеді ғой,шіркін! Осындай білімді, болашақтың жарқын жастарын тәрбиелеп алғысқа бөленіп жанымызда жүрген жақсы ұстазға тек зор денсаулық, қажымас күш-қуат, ұзақ ғұмыр, толағай шығармашылық шабыт тілейміз! Мартазанова Тамила Магаметқызының ата-анасы атынан Каженова Алтынай Қасымовнаға зор алғыс білдіремін.

Просмотров: 680


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст