"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздық – кәсіп емес, кәсіп!

28.02.2022

Дмитрий Голубков айтқан: «Адам, жұлдыз сияқты, Ғалам жарық бола түсуі үшін туылады...» Біздің көбімізге Ғаламдағы жарық жұлдызымыз алғашқы мұғалім болып қалатынын анық айтқым келеді. Алғашқы мұғалімдердің бірі Атбасар қаласының № 2 мектебінде көп жыл жұмыс істеген Вера Алексеевна Беккер. Мұғалім болу туралы өзінің алғашқы таңдауын Вера Алексеевна өте ерте жасаған. Мұғалім болу арманы оны ерте жастан қызықтырған. Мүмкін оның анасының мектепте мұғалім болып істегені себепкер болған шығар. Ол кезде оның құрбылары «дәрігер» немесе «сатушы» болып ойнаған... Ол үнемі «мұғалім» болған, білімге деген құштарлығы үнемі артып, одан қанағаттану қуанышын кешкен. Бұл қуанышын ол қоршағандармен бөліскісі келді, сол кездегі аздаған байлығымен көршінің ұлдарымен және қыздарымен қуанышпен бөлісті де.
Педучилищені тамамдаған соң ол балабақшаға жұмысқа орналасты. Бірақ «алғашқы мұғалім» болу арманы оны № 2 мектепке алып келді. Ол балаларды оқытудың қандай іс екенін жақсы түсінді. Және бәрінен бұрын алғашқы мұғалімнің – өз тәрбиеленушілерінің жандары мен тағдырларында терең із қалдыратын адамның иығына ауыр жүк түсетінін білді.
Жақсы мұғалім болу үшін ғажап мықты адам болу керек. Вера Алексеевна нағыз осындай адам. Ол өзінде ерік-жігер, шыдамдылық, мақсаттылықты тәрбиеледі, өзінің әріптестерінен тәжірибе алды және өзі де оқуды жалғастырды, жоғары білім алып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын игерді. Оның оқушылары оқымыстылығымен, көп білуге тырысуымен, жоғары нәтижеге тырмысуымен ерекшеленді. Оның сабақтарында әрбір ұсақ нәрселерге дейін ойластырылған, бір тапсырма келесі тапсырмамен алмасады, олардың әрқайсысы оқушылардан тек қана механикалық түрде орындауды талап етпейді, керісінше ойлауға, салыстыруға, шешім жасауға үйретеді. Оның сыныбында қолайлы психологиялық ахуал орнаған. Ол өзінің оқушыларына еңбекті сыйлауға, адалдық пен адамгершілік абырой, білімге құштарлық, өз бетімен қиындықтардан өтуге тырысуды сіңіре білді. Вера Алексеевна оқытқан оқушылардың жолы болды – олардың жолында нағыз мұғалім кезікті, оған алғыстары көп, өмір бойы естерінде сақтайды. Беккер Вера Алексеена сияқты мұғалімдер - нағыз бақыттылар, себебі олар өлмейді.

Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст