Текст
2019 жылдың 15 ақпан мен 18 ақпан аралығында № 2 орта мектепте 5, 6 сынып командалары арасында допты хоккейден жарыс өткізілді. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберлігін, ерік-жігері мен жеңіске деген ұмтылысын, командалық рухын көрсетті. Жарыс әр сынып параллелінде айналмалы жүйе бойынша өткізілді. Турнир кестелерінің нәтижелері бойынша финалға 1-4 орын алған 4 команда шықты. Ақтық кездесулер нәтижесінде келесі командалар жеңіске жетті: 1 орын 5 "В" сыныбы, 2 орын 6 "Б" сыныбы, 3 орын 5 "Д" сыныбы.