"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік семинар.

12.04.2019

    11 сәуірде Атбасар қаласының №2 орта мектебінде еңбек қатынастарын реттеу, еңбек заңнамасының нормаларын сақтау бойынша аймақтық семинар өтті. Семинар басталар алдында қонақтар біздің мектеп мұғалімдері мен оқушылары дайындаған көрме экспозициясына барды. Бұл іс-шара еңбек мәселелерін реттеу бойынша тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Семинар жұмысына ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің басшысы Дүйсембаева Айман Тельманқызы, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, "Кәсіпқор" Холдингі КЕАҚ кәсіптік білім беру орталығының бастығы Жанайдаров Нұрдәулет Дәулетбекұлы, Ақмола облысының білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы қатысты. Семинарға қатысушылар-оқу орындарының директорлары және Астрахан, Жарқайың, Есіл, Жақсы және Атбасар аудандарының, колледждердің, түзету кабинеттерінің кәсіподақ төрағалары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы өз білімдерін кеңейтті, еңбекті реттеу және ҚР Еңбек кодексінің нормаларын дұрыс түсіндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдыларын алды.

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст