«Қош бол, сүйікті шағын орталық» атты мерекелік ертеңгілігі ата-аналардың, балалардың есте қалатын сәттерінін бірі, өйткені олардың балалық шағы осы кезеңде қызықты да мағыналы өтті.Балаларды алда мектеппен кездесу күтіп тұр.Ол жаңа өмір, жаңа достар, қызықты сабақтар.28 мамыр күні «Бөбек» шағын орталығында осы мерекелік ертеңгілігі өтті.Балалар қызықты мерекелік бағдарлама дайындап, сүйікті шағын орталық, тәрбиеші апайлар туралы әндерін, тақпақтарын айтты.Мектеп директоры Касенова Зауреш Ермековна балаларды құттықтап, алдағы өмірде сәт сапар тілеп, дипломдармен мараппатады.Жас түлектерге ертегі кейіпкерлері келіп, көңілдерін көтеріп,би биледі.Ата-аналар ойын ойнап, белсенді қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге тілектерін тілеп, ауа шарларын аспанға ұшырды. Мереке өте көңілді өтті.