23 қыркүйекте «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті, оған 1-11 сыныптар арасындағы ата-аналар комитетінің төрағалары мен сынып жетекшілері қатысты. Мектеп директоры Бекмаганбетова Ш. Е. құттықтау сөз сөйледі. Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды.
1. «Балалардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрысы бойынша ата-аналарға ұсыныстар» - полиция қызметкері Сарсембаев Ж;
2. «Құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауы туралы» - полиция қызметкері, учаскелік инспектор Нуркин М,
3. «Оқу процесін ұйымдастыру туралы» - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ташмағанбетова Г.К.
4. «Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру туралы» - директордың ТІ бойынша орынбасары Жакубаева Н.М.
5. «Оқушыларды ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» - әлеуметтік педагог Темирбекова Д.М.;
6. «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысы туралы» - педагог-психолог Досмуханова Г.К. Ал соңғы екі сұрақ бойынша мектеп директоры сөз сөйледі
7. «Білім беру қызметін көрсетуге ата-аналармен үлгілік шарттар жасасу туралы»
8. «Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау туралы»