Мұғалім мамандығы өте қиын да жауапты мамандық. Өзгеге білім беру, өмірде көмекші болу қандай өнер.
Әрине, кез келген адам нағыз ұстаз бола алмайды. Менің ойымша, олар туылуы керек.Атбасар ауданы ұстаздарының даңқты шежіресіне жүздеген мұғалім есімдері жазылған.Олар бүгінгі күні өз жұмыстарына адал,кәсиби шебер ұстаздың портретін құрайды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөздері есіме түседі. Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады деген. Сол ағамыз айтқанындай әр шәкірттің жүрегінің кілтін таба білетін, адам ғана жақсы ұстаз бола алды.
Міне, сол ұлағаты ұстазымыз, тәлімгер өз ісінің шебері - Каженова Алтынай Қажмұхамбетқызы. № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алтынай Каженова мейірімді әже, үлгілі ана, отбасының ұйытқысы - сүйікті жар. 1957 жылы 15 қыркүйекте Целиноград облысы, Қима ауданы, Перекатное ауылында дүниеге келген. Білім саласында 44 жыл жұмыс өтілі бар. Жоғарғы санатты, тәжірбиелі ұстаз - Қазақстан Республикасы Білім Беру Ісінің Үздігі, "Астанаға 20 жыл" мерейтойлық медалінің иегері. «Жақсы ұстаз маған бәрінен қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз айтқандай, өзінің бар уақытын шәкірттерді біліммен сусындатуға арнаған, жүрегімен ұстаздықты сезінген аяулы жанның бүгінде қаншама шәкірттері жүлделі орындардың иегерлері атанып жүр. Исатаев Диас 11 сынып оқушысы Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасында 2 орын ие болды. Республикалық эссе сайысында жеңімпаз атанып «ҚР дарынды оқушылар» алтын кітабына аты жазылды. Аудандық және облыстық Махамбет оқуларына қатысып- 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық «Абай оқулары » байқауының 2 орын иегері.
Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Шәкірттеріне деген шексіз махаббаттың иесі ұстаз- Алтынай Каженова өз еңбегінің жемісін көріп, болашақ ұрпаққа жақсы біліммен, тәрбие беріп, бүгінде жас мамандарға үлгі болып отырған ұлағатты ұстазымыз.Ұстаз өзінің түлектерін мақтаныш сезіммен еске алады.Мартазанова Тамила өзге де ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету орталығында ұстаздық етуде.Синолицина Вероника Қостанай қаласында тергеуші қызметін атқаруда,ал Савченко Екатерина Астана қаласына медициналық университетте білім алуда.Алтынай Қажмұхамбетқызының айтуы бойынша қазіргі таңда алдында отырған оқушылары Савченко Наталья,Алиева Мадина,Кокурина Ксения,Ряполова Викторияға үлкен үміт артады.Алтынай Қажымұхамбетқызына денсаулық тілейміз,әр жаңа күнді қуанышпен,сүйіспеншілікпен қарсы алуыңызға тілектеспіз.
Жалпы білім беретін №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мүғалімі Тюлюгунова Н.К.