Текст
2019 жылғы 1 желтоқсан біздің елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 29 қарашада жоғарғы және кіші мектеп оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті. 5,6 сынып оқушылары презентация дайындады, Тұңғыш Президенттің өмірбаяны және әлемдік деңгейдегі алғашқы қадамдары туралы айтып берді. Мектеп директоры З.Касенова барлығын мерекемен құттықтап, Тұңғыш Президент күнін мерекелеудің басталғаны туралы айтты. 2011 жылы Қазақстан Парламенті мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күнін белгілейтін Заң қабылдады.1991 жылғы 1 желтоқсандағы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Егеменді Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан, Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған көрнекті тұлға. 20 жыл ішінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді.