"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Жолдауы-болашақтың бағыты

26.01.2018

Елбасымыздың биылғы халыққа арнаған кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап,алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Жалпы,Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы,менің ойымша,біздің келешек күндерімізге деген шынайы сенімімізді  орнықтыра түседі.  Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде елімізде жақсы  жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ал біз, жастар,ата- бабаздан қалған ең асыл аманат,бұл-татулық,бірлік, еліміздің ынтымағын сақтауға үлес қосу деп ойлаймын.Менің ойымша,ол бізге бүгін де, ертең де керек.Ынтымақ кеткен елден ырыс кетеді.Біздін тілегіміз,еліміз  мәңгі болсын.Біздің Елбасымыз жастарға сенеді,көп үміт атқарады.Сондықтан,біз жастар,болашақта білімді,еңбекқор,бастамашыл болуға қазірден бастап дағдылануымыз керек.Шеберліктің шыңына жете білсек, ұлан-байтақ  даламызды, бірлігі жарасқан  еліміздің гүлденуіне үлес қоса аламыз.

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст