"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

14.12.2017

12 желтоқсан күні №2 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті. Семинарға аудандық оқу бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет пінінің әдіскері Ашимова Б.Т. және аудан мектептерінің ұстаздар қатысты. Семинар барысында ұстаздар ашық сабақтар мен шенбер- сынып берді. 9 «В» сыныбында «Арал теңізі» атты тақырыпта ашық сабақты және «Оқу үдерісіндегі  кері байланысты орнатудың тиімді жолдары» атты шенбер-сынып  1- санатты ұстаз Тюлюгунова Н.К. берді. Сабақ барысында ұстаз жаңартылған бағдарлама бойынша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра білді. Қатысқан ұстаздардың жоғары бағасына ие болды. 4 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жалмагамбетова А.М. «Астана символы «Бәйтерек» атты ашық сабағын көрсетті. Сабақта оқушылар белсенділігін көрсетіп, берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындап шықты. Семинарға қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Жакина Б.Т. өткізілген семинарға жоғары баға беріп ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст