Текст
Бүгін жұмыс сапарымен біздің мектепке аудан Әкімі Аманбек Амирхамзинович Калжанов келді.Сапар барысында Аманбек Амирхамзинович түлектермен кездесті. Өз сөзінде ол мектепті аяқтағаннан кейін білім берудің басым бағыттарын белгіледі. Содан кейін спорт залы, мәжіліс залы, асхана, шағын орталық секілді объектілерге көріп шықты. Гадамуров Юнус пен Гадамуров Рамзан оған робототехника кабинетін таныстырды. Кездесу жоспарға сәйкес өткізілді. Әкім Елбасының білім берудің алдына қойған міндеттерді орындауды жалғастыру туралы тапсырма берді.