Текст
6 «А» сыныбында «Бәйтерек» атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Жаңадан бой көтерген әсем «Бәйтерек – Астана» монументі туралы түсінік қалыптастыру. Абикенова Айгуль Манатовна сабақта жеке, топтық, фронтальді формаларын пайдаланды. Жаңа тақырып бойынша қолданылған әдістер: жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру, мәтінмен жұмыс жүргізу, сұрақ құрастырып, жауап беру, кері байланыс, рефлексия. Оқушылардың бұрын да осындай әдістермен жұмыс істегендері білініп тұр, топта өздерін дұрыс ұстып, топ ережесін сақтап отыруға дағдыланған. Оқушылар сабаққа белсенгді қатысып, жақсы нәтижелерін көрсете білді.