"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірінші жас тарихшылар және өлкетанушылар облыстық Форумы

28.11.2017

Тұңғыш Президент күніне орай " Рухани жангыру" бағдарламасы шеңберінде 2017 жылғы 22-24 қараша аралығында  Ақмола облысы Бурабай ауданының "Жұлдызды" лагерінің базасында бірінші жас тарихшылар және өлкетанушылар облыстық Форумы өтті. Форумда Атбасар қаласынан оқушылар Кабелдинова Е. «№1ОМ», Оспанова Ж. «№2 ОМ», Мальгаждаров Е. «№3 ОМ» қатысты. 23 қарашада Форумның барлық қатысушылары біздің елордамыз-Астанаға  экскурсия жасады, олар Н.А. Назарбаев атындағы Ұлттық кітапханаға,Н.А. Назарбаев  атындағы  Ұлттық мұражайына барды, Тәуелсіздік алаңында болып, Астана қаласының көрікті жерлерін аралап шықты. 24 қарашада   жас тарихшылар мен этнографтар форумы өтті. Туризм, өлкетану және экология облыстық балалар орталығының директоры A.Умурзаков, Ш.Уәлиханов ат.  Көкшетау университетінің  оқытушысы, Бурабай өлкетану мұражайының  өкілдері, қасиетті ескерткіштерді сақтау мәдениетті басқару орталығының өкілі, олар жаңа археологиялық жаңалықтармен, Ақмола облысы тарихи ескерткіштерімен , Турсунбаев А. Д.Бурабай өлкетану мұражайының негізін қалаушысының  өмірі мен қызметі туралы таныстырды, балаларға туған өлкенің тарихын одан әрі зерттеу және сақтау туралы тілектерін білдірді. Екінші бөлімінде Форумға қатысушылар жас тарихшылар және өлкетанушылар Тұңғыш Президент күніне арналған барлық шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Атбасар қаласының оқушылары өз жұмыстарын  жоғары деңгейде ұсынды, кейінірек орталық директорының орынбасары Лейла Кенжебаевна балалар қызықты презентация мен тамаша сөйлеген сөздері  үшін алғысын айтты. Балалар жас тарихшылар мен  өлкетанушылар форумына қатысқаны үшін ескерткіш белгілерімен және сертификаттарымен марапатталды.

Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст