Текст
25 қараша күні балалар музыка мектебінде ашық есік күні өтті . Қатысқан қонақтар мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және сынып жетекшілері. Мектеп мұғалімдері шағын кіріспе әңгіме өткізен соң, қонақтарды бірнеше кішігірім топтарға бөліп, мектеп кабинеттеріне экскурсия жасады. Балалардың назарына әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға үйретеді сыныптар ұсынылды. Оқу үдерісімен танысқан соң, экскурсия жетекшілері мен балалар концерт залына келіп, музыка мектебінің оқытушылары мен балалары ұйымдастырған концертке қатысты. Оқушылар концерттік нөмірлерін аккордеон, баян, скрипка, фортепиано, домбыра т.б. аспаптарда орындады. БММ ашық есік күні өте қызықты және танымды болды.