"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жарқын болашақ» олимпиадасы

26.11.2017

Атбасар аудандық білім бөлімінің қолдауымен қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу дәстүрге айналды. 2017 жылы 25 қараша  күні  №8  орта мектеп базасында бес бағыттағы «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» атты конкурстары жүргізілді. «Жарқын болашақ» олимпиадасына біздің оқушыларымыз да қатысып, жақсы нәтижелерін көрсетті. «Сөз шеберлері» конкурсында ұлттық құндылықтарын насихаттауда, даусы мен дене әрекеттерінің үйлесімділігі, сахнада өзін ұстауы, әуені жағынан ерекше көрінген  10 сынып оқушысы Гадамуров Юнус  I орынға ие болды,  (мұғалімі Каженова А.К.),  «Жазушылар» және «Тілші-әдебиетшілер» конкурстарында арнайы тақырыпқа эссе жазған, тақырыптың мазмұнын ашып, оны жеткізе білген Ыдырыс Баян  10 сынып оқушысы  II орынға иеленді (мұғалімі Каженова А.К.)  және  Оспанова Жанел  9 сынып оқушысы III орынға ие болды (мұғалімі Тюлюгунова Н.К..).  Әдебиет  пен қазақ тілінен берілген тесттің барлық сұрақтарына жауап берген  Сарсенова Айя 10 сынып оқушысы  (мұғалімі Каженова А.К.).  Қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілеттерін көрсететін, ән мен саздың, қимылдың үйлесімділігіне, әнді көрерменге жеткізе алатын жарыстың бірі «Әнші бұлбұлдар» конкурсында 8 сынып оқушысы Калашникова Анна (мұғалімі Каженова А.К.), ерекше көзге түсіп, II орынды жеңіп алды.  Жеңістеріңіз құтты болсын!

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст