Текст
20 қарашадан бастап бастауыш сынып мұғалімдердің онкундігі басталды. 4-ші сынып оқушылары онкүндіктің ашылу солтанатына қатысты. Онкүндіктің ашылуына сынып мұғалімдері және мектеп әкімшілігі қатысты, құттықтау сөзімен мектеп директоры З.Е.Касенова сөз алды. Ол барлық қатысушыларды құттықтап, барлық мұғалімдерге табыс тіледі. Оқушылар концерт ұсынды, тақпақтар оқып, мектеп өмірі туралы шағын көрініс корсетті. Үш тілде шығарылған « Менің Президентім» тақырыбында шығармаларын оқыды. Онкүндікке орай суреттер, қолөнер байқауы, « Менің Отбасым» фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.