Текст
2017ж. 4 қыркүйектен 17 қарашаға дейін Көкшетау қаласында физика, химия, биология және информатика мұғалімдерін ағылшын тіліне оқыту бойынша курсы өтті. Тіл курстарында оқу А1 "Beginner" А2 "Elementary" екі кезеңнен тұратын деңгейлер бойынша өтті. Курстың мақсаты терминологияны игеру, ағылшын тілінде пәнді оқыту негіздерін үйрету, ауызекі сөз сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. I кезең жалпы ағылшын тілін оқуды қамтиды, ІІ кезең – тікелей мұғалім жүргізетін пәні бойынша. Келесі В1 және В2 оқытудың ІІІ кезеңі пәндік материалды ағылшын тілінде анағұрлым тереңдетіп оқыту. Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің алдына ағылшын тілін үйрену бойынша мақсаттар мен міндеттер қойылды, ол абыроймен орындалады.