Текст
2017 жылғы 14 қарашада № 1 орта мектебінде "Білім беру мазмұнын жаңарту" тақырыбына онлайн – конференция өтті. Конференцияға қала орта мектептерінде жаңартылған бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдер қатысты. Конференция барысында формативті және жиынтық бағалауды өткізу бойынша мәселелер талқыланды, сонымен қатар оқушылар және ата-аналармен кері байланысты жүзеге асыру үшін ұсыныстар берілді.