"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл дегеніміз не?

19.09.2017

Тіл, сөз дегеніміз- ата-бабамыздан келе жатқан мәдени мұра.Бұл дипломатиялық құрал,халықтың бүкіл сана-парасатын,биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнері.Адамның туғаннан кейінгі бүкіл өмірі тілмен байланысты.Біздің өмірімізде тілдің атқаратын рөлі зор.Ішіңдегі ойыңды бір-бірімізге тіл арқылы жеткіземіз.Тіл-адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы.Тілсіз қоғам жоқ. «Адамға екі нәрсе тірек тегі.Бірі тіл,бірі-ділің жүректегі» –деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттің,елдің ең негізі  рәмізі де,ұраны да ,ерекшелігі де сол елдің ана тілі болмақ. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасың мемлекеттік тілі.1989 жылы 22-қыркүйекте «Тіл туралы» Заң қабылданды, ал 1997 жылы 11-шілдеде екінші рет қабылданды. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Ол түркі тілдері тобына жатады.Қазақ тілі өзінің көп ғасырлық дамуы барысында рулық дәуірін де,тайпалық тіл дәуірін де басынан кешірді.Поэзияда Абай,Ілияс,прозада Мұхтар сияқты алыптар туылған тіл.Осындай тілімізді таза ұстайық -деген Ғ.Мүсіреповтің сөзін жадымыздан шығармағанымыз жөн.Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Елбасымыздың «біз өткен тарихымызға үңіле отырып,ақын-жазушыларымыздың жүз томдығын бастырамыз,сол арқылы тілімізді дамытамыз» деуінде үлкен мән-мағына жатыр.Қазіргі ғылым мен экономиканың,мәдениеттің дамыған заманында өзін-өзі сыйлаған халық,мемлекет,ең алдымен,тілдің тазалығына жете мән бергені жөн. «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше сөйлесең бұл сүйініш,ана тілін білмей тұрып бөтенше сөйлесең бұл күйініш.Өз тілін білмей тұрып жат тілге еліктей беруі зор хата.Бұл оқығандардың Һәм оқушылардың есінен шықпауы тиіс» –деп Халел Досмұхамедұлы айтқан болатын.Техника мен өндірісте экономика мен ғылымда,тұрмысымыздың басқа да салаларында кең қолданыс  тауып,іс-қағаздар жүрдім-бардым аудармалар арқылы емес,таза мемлекеттік тілде толтырылып,көшедегі жарнамалар да қазақ тілін дәріптеп тұрса нұр үстіне нұр болатыны анық.

Президенттің «Қазақстан -2050» Стратегиясындағы 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы бастамасы тіліміздің болашағы үшін және ХХI  ғасырда өркениетті елдер көшінен қалмауымызға қосар үлесі зор екеніне сенімдімін.Ия,пікірталас көп,дегенмен көзі ашық,көкірегі ояу еліміздің жарқын болашағы жастарымыздың болашағы үшін жасалып жатқан бұл шараға ешқандай кедергілер мен қиындықтар болмауы тиіс деп ойлаймын. «Айналайын» , «Қарағым», «Шырағым» ,«Боташым» деген нәзік те, сүйкімді сөздер басқа халықтарда сирек кездеседі екен.Тілімізде осындай жүректен керемет бір сезіммен , сүйіспеншілікпен шығатын сөздері бар ана тілімізді шұбарламай , таза сөйлеп,қор қылмай ,мәртебесін көтере берейік ағайын!

Просмотров: 1344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст