22 қыркүйек Қазақстан Республикасының «Тілдер күні». Осы мерекеге орай КММ «№2 ОМ» онкүндікті өткізу жөнінде әр түрлі іс-шаралар жоспарланды. Әр шараға оқушылар
белсенділікті танытып, қызыға қатысты. Әр сынып «Тілге құрмет-елге құрмет» атты тақырыптық газеттерін шығарды. 6 «А» сынып оқушылары «Тілі басқа, тірегі бір, Жүзі басқа, жүрегі бір» сыныптан тыс іс-шараға қатысып, жақсы білімдерін көрсете білген. Қазіргі таңда көп тіл білу-өмір талабы екендігін жете түсінген қазақ , орыс, ағылшын пән мұғалімдері Тюлюгунова Н.К., Ибраева Г.М., Добрина Ж.А. 8 сынып оқушылар арасында «Үш тұғырлы тілдің әлемі» атты зияткерлік ойынды өткізді. Балалар жұмбақтарды шешіп, жауаптарын үш тілде айта білді. Ағылшын тілінде берілген мақал-мәтелдердің мазмұнын орыс және қазақ тілдерінде көрермендерге шеберлікпен жеткізді. Тілдер күніне орай қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қыздарбекова А.Т. 4 «А» сыныбында «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұстаз сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың өздігінен жұмыс жүргізе білуіне көңіл бөлді. Сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Бутеева Л.Б., Жакина У.С., Шамилова Ф.Н. 3-4 сынып оқушылар арасында «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты көркемсөз оқу сайысын ұйымдастырып өткізді. Оқушылар жауапкершілікпен дайындалып, үш тілде тақпақ оқыды. Онкүндікке жоспарланған барлық іс-шараларға ұстаздар мен оқушылар асқан қызығушылықпен, жауапкершілікпен дайындалғандықтан барлық іс-шаралар қызықты өтті.