21-шілдеде Ілияс Есенберлиннің мұражайында Венгер халқының саяхатшылары Иштван Бенце мен Ласло Цако өкілдерімен кездесу өткізілді.
Мұражай қызметкерлері экскурсия қонақтарын жылы жүзбен қарсы алып, жазушы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.
Экскурсиядан кейін қонақтар дөңгелек үстелге шақырылып, қазақ еліне жасалған саяхаттарының мақсаттары туралы айтып берді. Қазақ халқы мен венгер халқының арғы тектері көшпенділер болған. Олар Еуразияның жазық даласында, Жібек жолында саяхат жүргізген. Қазіргі саяхат барысында елдерінің мәдениеті мен Жібек жолы елдерінің экономикалық жағдайларын жақсарту туралы айтылып өтілді.
Экспедицияға қатысушылар көлікпен жүруден бас тартып, арғы аталарымыздың жүрген көлігі ат болғандықтан, сол көлікпен жүруді қалаған.
Әңгіме барысында венгер мен қазақ халқының ұқсастығы барын айтып өтті.
Итшван Бенце мен Ласло Цако алдағы уақытта ЭКСПО- 2017 көрмесіне қатысып, осы экспедицияны 2018 жылы Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қытай, Ресей елдеріне барып, аяқтауды жоспарлап отыр.