"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы тіл мектебі

15.07.2017

Жазғы тіл мектебі - бұл балалардың демалысы мен белгілі бір пән бойынша интенсивті дайындық жүргізілетін жазғы лагерьдің бір түрі. Жазға мектеп өз жұмысын жоспарға сәйкес бастайды. Жазғы мектептің мақсаты - демалыс кезінде мектептен алған білімдерін ұмытып қалмауға жәрдем жасап, әрбір баланың шығармашылық, қызығушылық белсенділігін дамыту. Жазғы тіл мектебінің 3-кезеңіне 20 оқушы қатысты. Кезең 3-шілдеден 16-шілде аралығында өткізілді. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма.

          Балаларға жазғы демалыс кезінде сабақтан тыс материалдар қолданылып, жаңаша көңілмен демалды, өздеріне күш жігер жинап, білімдерін арттырды. Басқа да балалармен қарым – қатынас жасап, сыни ойлау қабілеттері дамыды.  Күнделікті сабақта тақырыпқа байланысты сергіту сәті мен ойындар жүргізілді.

          Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар: «Қызықты қазақ тілі әлемі» тіл дамыту сабағы, қызықты, күлкілі мақал-мәтелдер, «фонетика» тіл дыбыстары, жұмбақтар, сурет бойынша әңгіме, мәтінмен жұмыс, аударма жұмысы, қызықты ойындар, сөздік диктант, «интелектуалдық ойын-2017», осындай жұмыстар жоспарланып өткізілді.

Күнделікті өткізілген сабақтағы әртүрлі жұмыстар оқушылардың қабілеттерін арттырып, алдағы уақытта, әрі қарай тырысуға себебін тигізеді. Жалпылай айтқанда, оқушылар қазақ тілін жетік меңгеріп, қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп үйренді. Күнделікті өмірде кездесетін қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерді меңгерді. Солай-ақ, кішігірім өлең жолдарын, санамақтарды жатқа айтуды және қазақ әндерін айтуды үйренді.

          Тақырыпқа сәйкес А.Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне қатысты өлең жолдарын, әндерін меңгерді.

          Жаңа тақырыптар: «Менің отбасым», «Отанымның рәміздері», «Жыл мезгілдері», «Апта күндері» тақырыптарына монолог, диалог құрастырып үйренді.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст