Балаларға Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында «Әз - Наурыз» атты мерекелік ертеңгілік өтті. «Бөбек» шағын орталығының балалары мен тәрбиешілері мерекені қызықты және көңілді өтуіне ат салысты. Наурыз тойына немересімен Әже келді. «Наурыз – бұл табиғат оянатын, ең жарқын әрі асыл көктемгі мереке» - деп Әже балаларға түсіндірді. Көктем аруы мерекеге келіп, балаларды қуантты. Сүйіншілеп жүгіріп жігіт кірді. Сүйіншісіне біздің балалар «Тақия тастамақ», «Қыз қуу», «Арқан тартыс» ұлттық ойындарын ойнады. «Көктем келді», «Ахау келіңдер» әндерін орындады. Ал ер балалар «Көкпар» биін билей жөнелді. Қазақтың ұлттық тағамдарымен дастархан әзірленіп, тәрбиеленушіміз Дәукен Дәуір ақ батасын берді. Мереке соңында Әжеміз дәстүрдің бірі саналатын шашу шашты. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!