"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Күзгі бал» мерекелік іс-шарасы

31.10.2023
31 қазан күні N2 ЖББМ-де «Күзгі бал» мерекелік іс-шарасы өтті.
Күзгі бал балаларға жылдың ең тамаша мезгілі туралы айтып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шараға қатысушылар көрермендерді өз сыныбымен, ұраны мен эмблемасымен таныстырды, сонымен қатар қыздар шаш үлгісін және күзгі элементтермен киімдерін «Күз сұлуы» сән көрсетілімін көрсетті.
Балалар сайыстарға белсене қатысып, күз тақырыбына байланысты жұмбақтарды шешті.
Ең қызықты сәттердің бірі мерекенің басты қонағы – Алтын күздің келуі болды.
Зал жапырақтармен мерекелік безендірілді.
Кез келген іс-шараның сәтті өтуі қатысушылардың белсенділігіне байланысты: жиналғандардың барлығы ұялшақтықты, сенімсіздікті жеңе білді... Шара соңында жарыстың қорытындысы шығарылып, 1-орынды 2 Б сыныбының «Күзгі палитра» командасы мен 3А сыныбының «Күзгі джаз» командасы, 2-орынды 2А сыныбының Алтын жас», командасы иеленді. 3-орынды 4А сыныбының «Күзгі жапырақ » командасы иеленді. Сондай-ақ сән көрсетіліміне қатысушыларға номинациялары бойынша сертификаттар берілді.
Оқушылар мерекеге риза болып, шараны жақсы көңіл-күймен аяқтады.
Просмотров: 201


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст