"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының  № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Атбасар отдела образования по  Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» сынып сағаты

30.04.2024

2024 жылдың 30 сәуірінде «Атбасар қаласының №2 ЖББМ» КММ-де 8 «В»сыныбында «1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты- Отанға деген сүйіспеншілікті, патриотизм сезімін, достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. Сынып сағаты қуаныш шеңберінен басталды, балалар бір-біріне бақыт, жақсылық, құрмет, жылулық тіледі. Оқушылар мереке жайлы пікірлерімен бөлісті. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдерін біріктірген көпұлтты мемлекет. Оқушылар «Біздің республика туралы не білесің?» тақырыбындағы викторинаға қатысты. Викторина барысында балалар өте белсенді болды, сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Сынып сағатының соңында балалар Отан туралы мақал-мәтелдермен топтарда жұмыс істеді. Баршамызды, әртүрлі ұлт өкілдерін «Біз-Қазақстан халқымыз. Біз біргеміз және бұл біздің күшіміз бен жестістігіміз!» деген маңызды ұғым біріктіреді.

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст