Текст
Бүгін 5 қыркүйекте 2024 жылы №2 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай онкүндік аясында жалпықазақстандық диктант жазылды.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету;
- мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру.